Ақтөбе облысының білім басқармасы «Ырғыз ауданының білім бөлімі» ММ
ГУ «Отдел образования Иргизского района»Управления образования Актюбинской области»
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алған Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 9-сынып білім алушысы Даниярбек Мағжанға Ырғыз аудандық білім бөлімінің басшысы Д. Ыбрайымұлы және Ы. Алтынсарин атындағы ЖББОМ директоры, сынып жетекшісі сәттілік тілеп, тұғыры биік еліміздің ертеңінің бүгіннен де жарқын болуы – өздеріңіздей білімді де талантты ұрпақтар қолында екендігін жеткізе отырып, республикалық олимпиаданың республикалық кезеңіне үлкен жеңіс тіледі.
Толығырақ...19 наурыз “Жаңару”күні
Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Сонымен қатар наурыз айында ұлттық салт- дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында “Ұлттық қоржын”, “Кәде сый”, ұлттық ойындар т.б шаралар өткізілді.
2024 жылдың 18 наурыз күні Ақтөбе облыстық тарихшылар ассосациясының жұмыс жоспары аясында, Ырғыз ауданы тарих пәні ассосациясы мұғалімдерінің қатысуымен «Тарих сабағында оқытумен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану маңыздылығы» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар мақсаты: Білім беру үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудың жолдарын зерттеу, сабақ барысында инновациялық әдіс-тәсілдерді оқушылардың ең негізгі құзыреттіліктерін қалыптасуына әсер етуін қарастыру.
Семинар барысында Ы. Алтынсарин атындағы ЖББОМ тарих пәні мұғалімі А. Кәрібаева, М. Төлегенов атындағы ЖББОМ тарих пәні мұғалімі Ә. Тоқабай, Т. Жүргенов атындағы ЖББОМ тарих пәні мұғалімі Г. Жұмабаева, Ырғыз гимназиясы тарих пәні мұғалімі,Ырғыз # 2 ЖББОМ тарих пәні мұғалімі Ә. Сағынаева, #1 қазақ ЖББОМ тарих пәні мұғалімі Г. Сапарбаева өз іс тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар мен кері байланыс жасалды. Іс-тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдер Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директоры Ж.Нургалиеваның алғыс хатымен марапатталды.
Толығырақ...Құйлыс жалпы білім беретін орта мектебінде “Наурызнама” тұжырымдамасына сәйкес 16-наурыз “Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр” күні аясында “Құт-береке дарыған, ырысты күн - Наурызым” тақырыбында салт пен дәстүрді дәріптейтін өнегелі шара өтті. Шараға ауылдық округ әкімі, “Аналар және әкелер” кеңесінің мүшелері, сондай-ақ мекеме басшылары қонақ ретінде шақырылды. Келген қонақтарды мектеп оқушылары күй тартып, құрмет-қошеметпен қарсы алды. Шара барысында қазақтың ұмытылып бара жатқан әдет-ғұрыптарынан сұрақ қойылып, оқушылар мен ұстаздардан, келген қонақтардан салт-дәстүр бойынша пікір алмасып, жүйелі ой мен салмақты сөздер, ұсыныс-тілектер ортаға салынды. Мектеп оқушылары “Көрісу”, “Айырылысар көже”, Ерулік” сынды дәстүрлерден көрініс қойып, ұлттық мәдениетімізді жаңғыртқан болса, кешімізді әрі қарай “Әжелер” ансамбльі жалғасырып “Халық” әндерін жанды дауыста шырқады. Ардагерлер кеңесінен ел ағалары “Ат әбзелі” туралы жиылған қауымға түсіндіріп, олардың шаруашылықта қолдану түрлерін айтып өтті. Тағылымды шара соңында келген қонақтан “кәде сый” өнері сұралып, үлкендер қауымынан “бата” сұралды.