Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облысының білім басқармасы
«Ырғыз ауданының білім бөлімі» ММ

ГУ «Отдел образования Иргизского района»
Управления образования Актюбинской области»

МЕНЮ

Құйлыс жалпы білім беретін орта мектебінде “Наурызнама” тұжырымдамасына сәйкес 16-наурыз “Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр” күні аясында “Құт-береке дарыған, ырысты күн - Наурызым” тақырыбында салт пен дәстүрді дәріптейтін өнегелі шара өтті. Шараға ауылдық округ әкімі, “Аналар және әкелер” кеңесінің мүшелері, сондай-ақ мекеме басшылары қонақ ретінде шақырылды. Келген қонақтарды мектеп оқушылары күй тартып, құрмет-қошеметпен қарсы алды. Шара барысында қазақтың ұмытылып бара жатқан әдет-ғұрыптарынан сұрақ қойылып, оқушылар мен ұстаздардан, келген қонақтардан салт-дәстүр бойынша пікір алмасып, жүйелі ой мен салмақты сөздер, ұсыныс-тілектер ортаға салынды. Мектеп оқушылары “Көрісу”, “Айырылысар көже”, Ерулік” сынды дәстүрлерден көрініс қойып, ұлттық мәдениетімізді жаңғыртқан болса, кешімізді әрі қарай “Әжелер” ансамбльі жалғасырып “Халық” әндерін жанды дауыста шырқады. Ардагерлер кеңесінен ел ағалары “Ат әбзелі” туралы жиылған қауымға түсіндіріп, олардың шаруашылықта қолдану түрлерін айтып өтті. Тағылымды шара соңында келген қонақтан “кәде сый” өнері сұралып, үлкендер қауымынан “бата” сұралды.

© 2025 Ақтөбе облысының білім басқармасы
«Ырғыз ауданының білім бөлімі» ММ ГУ «Отдел образования Иргизского района»
Управления образования Актюбинской области»