2024 жылдың 18 наурыз күні Ақтөбе облыстық тарихшылар ассосациясының жұмыс жоспары аясында, Ырғыз ауданы тарих пәні ассосациясы мұғалімдерінің қатысуымен «Тарих сабағында оқытумен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану маңыздылығы» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар мақсаты: Білім беру үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудың жолдарын зерттеу, сабақ барысында инновациялық әдіс-тәсілдерді оқушылардың ең негізгі құзыреттіліктерін қалыптасуына әсер етуін қарастыру.
Семинар барысында Ы. Алтынсарин атындағы ЖББОМ тарих пәні мұғалімі А. Кәрібаева, М. Төлегенов атындағы ЖББОМ тарих пәні мұғалімі Ә. Тоқабай, Т. Жүргенов атындағы ЖББОМ тарих пәні мұғалімі Г. Жұмабаева, Ырғыз гимназиясы тарих пәні мұғалімі,Ырғыз # 2 ЖББОМ тарих пәні мұғалімі Ә. Сағынаева, #1 қазақ ЖББОМ тарих пәні мұғалімі Г. Сапарбаева өз іс тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар мен кері байланыс жасалды. Іс-тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдер Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директоры Ж.Нургалиеваның алғыс хатымен марапатталды.