Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алған Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 9-сынып білім алушысы Даниярбек Мағжанға Ырғыз аудандық білім бөлімінің басшысы Д. Ыбрайымұлы және Ы. Алтынсарин атындағы ЖББОМ директоры, сынып жетекшісі сәттілік тілеп, тұғыры биік еліміздің ертеңінің бүгіннен де жарқын болуы – өздеріңіздей білімді де талантты ұрпақтар қолында екендігін жеткізе отырып, республикалық олимпиаданың республикалық кезеңіне үлкен жеңіс тіледі.






