Ақтөбе облысының білім басқармасы «Ырғыз ауданының білім бөлімі» ММ
ГУ «Отдел образования Иргизского района»Управления образования Актюбинской области»
Ашық есік күні
Ақтөбе облысының білім басқармасы Ырғыз ауданының білім бөлімі мемлекеттік органның қызметімен танысу үшін аудан тұрғындарын 2024 жылдың 15 қазанында өтетін «Ашық есік күніне» шақырады. Сіздерді 14.00.-17.00. аралығында Ырғыз ауданының білім бөлімінің ғимараты, Ы.Алтынсарин көшесі, 12 мекенжайы (2-қабат) бойынша күтеміз.
«Үздік бейнеролик»
Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған мектеп-интернатының үш оқушысы «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың халықаралық жастар байқауында «Үздік бейнеролик» номинациясы бойынша құрметті 3 орынды иеленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл туралы
Ақтөбе облысының білім басқармасының 05.03.2025 жылғы №106 санды «Білім беру ұйымдарында қаражат жинауға тыйым салу туралы» бұйрығына орай, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, Ырғыз ауданының білім бөлімінің 06.03.2025 жылғы №01-28 санды «Білім беру ұйымдарында қаражат жинауға тыйым салу туралы» бұйрық қабылданды.